«10 рет талақ айтты»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі тағы бір шындықты айтты

Блогер Фариза Алмазқызы экс-күйеуі актер Нұрсұлтан Жақсыгенмен заңды некеде болмағанын айтты.

Сондай-ақ, блогер келіншек «Нұрсұлтанның үйі бөліске түсті ме?» деген сұраққа да жауап берді.

«Бізде заңды неке болмаған. Мұсылманша үш рет талақ айтылды. Тіпті 10 рет айтқан шығар?! Ол ай сайын алимент төлеп отырғанын күшті көмектесіп жатырмын» деп ойлайды. Бірақ Айсұлтанның түзету орталығының ақшасы – 300 мың. Хамзанікі – 150 мың. Алимент – 127 мың теңге. Барға – қанағат, жоққа – сабыр деп жүрміз», – деп жазды блогер келіншек.

Еске сала кетейік, танымал актер шілде айында әйелімен ажырасып кеткенін мәлім еткен болатын.