Өскеменде полиция қызметкері жеке көлігімен келе жатып жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жол апаты 18 қыркүйек сағат 13:20 шамасында Кіші айналма жолында болған.
«Полиция қызметкері «ВАЗ 21140» маркалы жеке автокөлігімен келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жаяу жүргінші сол жерде алған дене жарақаты салдарынан қайтыс болды», — деді ШҚО полиция департаменті.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ПІКІР ЖАЗУ