«Күтіп жүрміз»: Димаш Құдайбергеннің ата-анасы болашақ келіндеріне қоятын талапты айтты

Әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар болашақ келініне қатысты талаптарын айтты. Олар бұл туралы «1001 түн» жобасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Света Айтбаева өз сөзінде ұлы Димаштың тәрбиелі қыз баланы келін еткенін қалайды.

«Қазақ бір-ақ ауыз сөзбен бәрін айтып тастаған ғой. Адал сүт емген бала болса болды дейді. Дәл сондай бала болса деп тілейміз, армандаймыз. Болған сәтте қуанамыз, күтіп жүрміз. Сәті болар деп ойлаймыз», — деді Света Айтбаева.

Сөз арасында Димаштың әкесі Қанат Айтбаев Светадан жақсы ене шығатынын ерекше айтып өтті.

«Менің ойымша, Света жақсы ене болады. Өйткені, жақсы келін бола білді, ата-енесінің тілін тауып, өмір бойына ата-енемен тұрды. Болашақта өз келініне де жақсы үлгі болады деп ойлаймын. Сондықтан сондай күнге жеткізсе дейміз», — деді ол.

Фото: Instagram/kanat_sveta_aitbayevtar


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом