Иманғали Тасмағамбетовтің әпкесі өмірден өтті

Фото: ашық дереккөздерден

Иманғали Тасмағамбетовтің әпкесі Нұрсұлу Тасмағамбетова өмірден өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Тасмағамбетова Нұрсұлу Нұрғалиқызы 1950 жылы 17 қыркүйекте Атырау облысы Новобогат ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Алматы медицина институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының медицина саласында балалар дәрігері болып бастады. Әр жылдары бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері, Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі қызметтерін атқарды.

Гиппократ орденінің және басқа да марапаттардың иегері, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының құрметті азаматы.