Танымал әнші Ақбота Сейітмағамбет ресми түрде есімін ауыстырды

Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Көпшілікке «Ақбота-Нұр» лақап атымен танылған Ақбота Сейітмағамбет ресми түрде есімін ауыстырды. Бұл жайында әнші әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Кешью» тобының бұрынғы мүшесі жұртшылыққа су жаңа жеке куәлігін көрсетті.

«Сүйінші, енді Бота ресми түрде Ақбота-Нұр», — деп жазды ол.

Ал құжатта Ақбота Сейітмағамбеттің аты-жөні «Даирбек Ақбота-Нұр» деп көрсетілген.