Танымал актриса, әнші Салтанат Бақаева ер-азаматтарға үндеу жасап, қыз-келіншектерді басынбауға шақырды, деп хабарлайды Оzgeris.info.
Өнер иесі көлігін сырып кеткен бейтаныс ер-адамның өзін кінәлі еткеніне ашуланды.
“Сонша асығып жүргенде осындай оқыс оқиғаға тап болдым. Бір аға келіп, машинамды соқты. Қатты қорқып қалдым. Артымнан соққан машина алдымен өзімді кінәлады. Негізі, оныкі дұрыс емес. Қыздар, менің байқағаным, қыз деп ер-адамдар басынады екен. “Сіз оқыстан тоқтап қалғасын, мен тоқтап үлгермедім” деп өзімді кінәлады. МАИ қызметкерлерін шақырамын деді. Өзіме сенімді болғасын, шақыра беріңіз деп тұрдым. Бір кезде баламен жүр екенсіз, қанша төлейін деді. Мен жолдасыммен ақылдасамын деп, сол кісіге хабарластым. Бірден сөзі өзгеріп шықты. Жігіттерше отырып, бір сәтте шешіп тастады. Соққан адамның да сөзі өзгеріп, менен кешірім сұрады. Біраз жұмыс кейінге шегерілді”, – деді актриса.
Сонымен қатар қыз-келіншектерге оқыс жағдайға тап болғанда қалай ұстау керегін де айтып берді.
“Ер адам тоқтамай мені кінәлай бергесін, өзім де ойланып қалдым. Бірақ жол ережесін бұзбағанымды жақсы біліп тұрсам да, өзімді кінәлап жібердім. Көп қыз-келіншектің басындағы жағдай. Ер адам басына бергесін, жабылып қалады. Қыздар, ешқашан да өздеріңіз нақты білетін ақпараттан күмәнданбаңыз! Ешкімнің сізді басынуына хақысы жоқ”, – деді “Арнау” тобының солисі.
ПІКІР ЖАЗУ