Малахов Жоғарғы лауазымды қызметке тағайындалды

Дмитрий Малахов
Видеодан кадр

Мемлекет басшысының Жарлығымен Денис Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылып, оның орнына Дмитрий Малахов келді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын», — делінген Президент жарлығында.

Дмитрий Малахов 1974 жылы 27 тамызда Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Мамандығы заңгер, экономист. Ұзақ жылдар бойы Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және экономикалық тергеу қызметінде жұмыс істеп келеді.