Америкалық психиатр Ума Найду көңіл көтеру мен есте сақтау қабілетін жақсартатын тағамдарды атады, деп ozgeris.info тілшісі хабарлайды.
Сарапшы дәмдеуіштерге назар аударуға кеңес берді. Олардың барлығы антиоксиданттар ретінде әрекет етеді, ал кейбіреулері басқа да пайдалы қасиеттерге ие. Мысалы, куркума мазасыздықты азайтады, ал шафран депрессиямен күресуге көмектеседі. Осы орайда қара шоколадтың да көмегін атап өткен жөн.
Ума Найду йогурт, кимчи және комбуча сусыны деп аталатын ашытылған тағамдар есте сақтауды жақсартатын және когнитивті құлдырауды бәсеңдететінін мәлімдеді.
Авокадо, сарапшының пікірінше, кейбір жағдайда депрессияның себебі болып табылатын магний жетіспеушілігінің орнын толтыруға мүмкіндік береді, ал жаңғақ құрамындағы омега-3 қанықпаған май қышқылдарының арқасында ақыл-ойдың өткірлігін арттырады және есте сақтауды күшейтеді.
Сонымен қатар, маман көкөніс жеуге кеңес береді. Айтуынша, оның құрамында Е дәрумені, каротиноидтар мен флавоноидтар бар.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігерлер мен диетологтар газдалған сусындардың миға зияны туралы ескерткені хабарланған болатын. Мысалы, құрамында кофеин бар сусындар тәуелділік тудырып, ұйқыға әсер етуі мүмкін, қантты сусындар есте сақтау проблемаларына әкеледі, ал қантсыз сусындар инсульт пен деменция қаупін арттырады.
ПІКІР ЖАЗУ