БАҚ пен әлеуметтік желілерде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері қысым көрсетті деген ақпарат тарады. Осыған қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ұлттық қауіпсіздің комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ҰҚК қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 12 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпар мен көк бөріден Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасында финалдық бәсекелер өтті. Көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңіп, алтын медаль еншіледі.
ПІКІР ЖАЗУ