Алматы қаласы, Боралдай шағынауданындағы Ләззат Асанова көшесінің тұрғындары жолдың сапасына шағымдануда, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Олардың айтуынша, Ләззат Асанова көшесінде жол болмағанына 25 жылдан асып кетті.
«Біз осында 1999 жылы көшкенбіз. Ол кезде жол болмаған еді. 25 жыл ішінде бірде-бір рет жол жөнделмеген», — дейді оқырманымыз.
Айта кетейік, Алатау ауданының осыған дейінгі басшысы өз орнын босатты. Майлыбаев Талғат бүгіннен бастап аталмыш қызметке жайғасты. Ozgeris.info тілшісі бұл мәселе бойынша су жаңа әкімнің пікірін күтеді.
ПІКІР ЖАЗУ