Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева өзінің бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіқалықовпен у-шусыз ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында баяндап берді. Айтуынша, бұрынғы күйеуінің шаңырағына бара береді екен.
«Қазақтың миына сыймайды. Қазақтың миында ажырассаң, өлгенше жауласып бір-біріңді қарғап-сілеп, көрген жерде бетіне түкіріп жүру керек. Бұл қазақтың миындағы өлшем, стеоратип, комплекс. Бұл дұрыс емес. Оның соңында балаң қасірет шегеді. Ол чип сияқты, бір адам сурып алып тастау керек. Мұны Сәбит екеуміз жасай алдық деп ойлаймын», — деді ол.
Ал Сәбит болса, Айгүлмен бір кездері бір отбасы болғанын ұмытып та кеткенін айтты.
@dinara_satzhan «Көке» фильмнің актерлері Айгүл Иманбаевамен, Сәбит Әбдіхалықовпен, Асылжан Әбдімүтәлиевпен, Қайсар Хамзамен, Тауасар Қайсарұлымен сұхбатты менің «DS ‘ Show» YouTube каналымда қараңыз✅ #динарасатжан #сатжаншоу #ds #rek #көке #кино #айгульиманбаева #қайсархамза #сәбитәбдіхалықов ♬ Intro — The xx
ПІКІР ЖАЗУ