Александр Масляков қайтыс болды

«КВН» жүргізушісінің қаза болғаны туралы бағдарламаның ресми бетінде хабарланды.

«8 қыркүйекте Александр Васильевич Масляковтың қайтыс болғанын қатты өкінішпен хабарлаймыз. Ол КВН қозғалысының барлық қатысушылары мен миллиондаған көрермендер үшін мәңгі аңыз болып қала береді. 1964 жылдан бастап ол «КВН» бағдарламасын жүргізіп, Ресейде және одан тыс жерлерде әзіл мен сатираның символына айналды. Оның отандық ойын-сауық теледидарын дамытуға қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес.

Александр Васильевич Масляковқа жарқын естелік», — делінген басылымда.