Қаңтар оқиғасына байланысты бас прокуратура мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ozgeris.info порталы.
«Азаматтар тергеудің қалай жүріп жатқан, адам өлімінің мән-жайын, азаптауға қатысты тергеудің қаншалық объективті жүріп жатқанын білгісі келетінін түсінеміз. Бүгін осы сұрақтардың бәріне жауап беруге тырысамын», — деді бас прокурор Берік Асылов.
Асыловтың мәлімдемесінше, қаңтар оқиғасында Алматыда 30 мың адам шеруге шыққан.
«Бейбіт митингті лаңкестер өз пайдасына асыруға тырысты. Жолдарға тосқауыл қойылды. Олар халықты арандатып, қылмыстық әрекеттерге итермеледі», — деді ол.
Бас прокурор қаңтар оқиғалары бойынша 3 770 қылмыстық іс қозғалғанын да атап өтті.
ozgeris.info порталы
ПІКІР ЖАЗУ