Сарыөзек гарнизонында әскери қызметші оққа ұшты

Фото: Pixabay.com

Сарыөзек гарнизонында әскери қызметші абайсызда өз-өзін атып жіберген. Бұл ақпаратты Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Басылымның ведомство өкілдеріне сілтеме жасап мәлімдеуінше, әскери қызметші қару-жарақ қолдану ережесін сақтамау салдарынан оқ жарақатын алған.

«2 қыркүйекте Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қару-жарақты қолдану ережесін бұзу салдарынан оң қолынан жарақат алды. Әскери қызметші Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызылып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді», — делінген хабарламада.

Хабарламадан қазір әскери қызметшінің денсаулығы бірқалыпты екені мәлім болды.

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды», — дейді Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі өкілдері.