Атырауда 2008 жылы туған үш ұл Жайық өзеніндегі жабдықталмаған жерде суға батып кетті, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.
26 тамызда сағат 17:25-те Атырау қаласы Береке ауылында 3 баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту түскен.
Оқиға орнына жеткен кезде 2008 жылы туған балалар белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға батып кеткені анықталған. Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері сағат 18:25-те екі жасөспірімнің денесін судан шығарды.
Үшінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасатын болады.
Атырау облысы ТЖД 18 құтқарушы, 4 бірлік техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.
ПІКІР ЖАЗУ