«Жалған ақпарат». Алматы әкімдігі алғашқы қоңырау туралы мәлімдеме жасады

Фото: mazyr.by

Алматы әкімдігі әкім орынбасарының 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау болмайды деген сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар қаланың барлық мектептерінде 1 сынып оқушыларымен бірге өтеді.

2 қыркүйекте бірінші сабақта 2-11 сынып оқушылары үшін «Менің Отаным — Қазақстан!», «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыптарында дәстүрлі бірыңғай сынып сағаты өтеді. Одан әрі сабақ кесте бойынша болады.