«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры жемқорлық жасады деген күдікке ілінде, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оған қатысты сотқа дейінгі тергеуді Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізеді.
Директор аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деп күдіктенеді. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Айта кетерлігі, 2023 жылы ақпанда «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры қызметіне Болат Байшуақов тағайындалды.
ПІКІР ЖАЗУ