Нұрсұлтан Тұрсынов ширек финалда украиналық балуан Жан Беленюкпен күресті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Париж Олимпиадасының грек-рим күресінен 87 кг салмақ дәрежесіндегі белдесуде Тұрсынов қарсыласына 7:3 есебімен жол берді.
33 жастағы Жан Беленюк – Токио Олимпиадасының чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері және әлемнің екі дүркін, Еуропаның үш дүркін чемпионы. Сондай-ақ ол 2019 жылдан бері Украина Жоғарғы радасының халық депутаты болып қызмет атқарады. Ал Нұрсұлтан Тұрсынов 2014 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ құрлықтық біріншіліктің үш дүркін жүлдегері.
Нұрсұлтан Тұрсынов Париж боз кілеміндегі алғашқы белдесуінде мысырлық спортшы Мохаммед Метваллиді мерзімінен бұрын 10:1 есебімен жеңген еді.
ПІКІР ЖАЗУ