Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Назым Қызайбай ширек финалда Колумбия спортшысы Ингрит Валенсиямен кездесті. 50 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (4:1).
Айта кетейік, Назым Қызайбай екі дүркін әлем чемпионы болса, Ингрит Валенсия Рио-2016 Олимпиадасында қола жүлде иеленген.
Енді Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық боксшы Ву Юмен жұдырықтасады. Жеңсе, алтын медальға таласады. Ал жеңіліс тапса, қола жүлде еншілейді.
Осыған дейін қазақстандық боксшы қыздар Карина Ибрагимова (57 кг) мен Валентина Хальзова (75 кг) алғашқы жекпе-жектерінде жеңіліп, Олимпиаданы аяқтаған еді.
ПІКІР ЖАЗУ