Париж Олимпиадасында ерлер арасында қылышпен семсерлесуден командалық жарыс өтті. Қазақстандық команда 1/4 финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Бірінші матчта Қазақстан Венгриямен кездесті. Жекпе-жек қарсыластар жеңісімен аяқталды, есеп – 45-30.
Осылайша, біздің команда Олимпиадада медаль үшін таласу құқығынан айырылды. Енді 5-8 орын үшін бақ сынайды. Келесі матчтағы қарсылас команда – Мысыр құрамасы.
Айта кетейік, семсерлесуден Қазақстан намысын қорғаған – Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай.
ПІКІР ЖАЗУ