«Тергеуші Көкшеге жолға шықты»: Қымбат Досжан Жәнібектің ісі жайлы айтты

Фото: kymbatdoszhan инстаграм парақшасынан

Журналист Қымбат Досжан желідегі парақшасында Жәнібектің анасын іздеу әлі де жалғасып жатқанын айтты, деп жазады Ozgeris.info.

«30 шілде – әлемдік Адам саудасына қарсы күрес күні. Қазақстан адам саудасына қарсы заңнаманы күшейтті. Біріккен Ұлттар Ұйымының сайтына шыққан мақаланы оқи отырыңыздар. Журналист Күлпаш Қоңыроваға рахмет. Мұрат Савелиевтің анасын іздеу бір сәт тоқтаған жоқ. Тергеуші Көкшеге жолға шықты», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібек қазақстандықтарға үндеу жасап, туған анасын табуға көмектесуді сұраған.