Бүгін Ресей мен Украина Сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Дмитрий Кулеба арасында келіссөз өтеді, деп хабарлайды «ozgeris.info».
Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Мұны Киев те растады. Кездесу Түркияның Анталья қаласында өтеді.
— Кездесуді барынша тиімді өткізу үшін қызу дайындық жүріп жатыр. Бірақ шынымды айтсам, келіссөздерден аса көп нәрсе күтпеймін. Тым қатты үміт те артып отырған жоқпын. Маған және менің командама сәттілік тілеп қойыңыздар. Бұл өте маңызды сәт, — деді Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба.
«ozgeris.info».
ПІКІР ЖАЗУ