Отарда әлімжеттік көрген 19 жастағы мерзімді сарбаз Нұржігіт Әбдіпатта есін жиып, өзіне келді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Қуанышты жаңалықты сарбаздың әкесі Тимур Жаналин хабарлады.
Бұған дейін халыққа жария етуге батылымыз жетпеді. Біз үшін қиын сәтте жанымызда болып, қолдау білдірген, дұғада болған адамдар үшін жақсы жаңалығымызды бөліскіміз келіп отыр. Сіздердің дұғаларыңыз біз үшін үлкен көмек болды. Көп нәрсе айтуға болады, бірақ біздің эмоциямызды видеодан-ақ көрсеңіздер болады, — дейді Тимур Жаналин.
Айта кетейік, Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жатқан сарбаз әлімжеттік құрбаны болып, маусым айында комаға түскен еді. Құқық қорғау органдары Қылмыстықтық кодекстің 451-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.
ПІКІР ЖАЗУ