Ақтөбеде мас полицей ерлі-зайыптыларды көлікпен қағып өлтірді

Фото: Pixabay.com

Ақтөбе облысында 34 жастағы полиция қызметкері мас күйінде көлік айдап, ерлі-зайыптыларды қағып өлтірді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Дереккөзге сүйенсек, полиция қызметкері тойдан кейін мас күйінде көлік тізгініне отырған. Рульге ие бола алмаған ол 25 және 26 жастағы екі адамды қағып кеткен. Өкінішке қарай, ерлі-зайыптылар қаза тапқан, деп жазады Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкері әуел баста оқиға орнынан қашып кетіп, артынан өзі берілген деген ақпарат бар. Қазір жол апатына кінәлі адам қамалып, оның тікелей басшысы болған бірнеше адам жұмысынан қуылғаны белгілі.