«Шөкеев қонаққа арналған шапанды киіп алды»: Университет түсініктеме берді (ВИДЕО)

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің баспасөз қызметі Өмірзақ Шөкеевтің шапан киюіне байланысты қызу талқыланып жатқан видеоны түсіндірді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұған дейін желі қолданушылары әкімнің қонаққа арналған шапанды киіп алғанын жазған еді.

“Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октай Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымымен кездесті. Оған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті кеңесінің төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, университет ректоры Жанар Темірбекова және оқытушы-профессор құрамы мен студенттер қатысты.

Түркия Республикасының вице-президентіне білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін «Құрметті профессор» академиялық атағы берілді. Ал, Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің дамуына қосқан үлесі үшін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке шапан ұсынды”,- делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿© ZTB QAZAQSTAN 2022 (@ztb_video)

<