Сиднейде Олимпиада чемпионы атанған Бекзат Саттархановтың мұрағаттағы сұхбаты тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Дайындығымыз өте жақсы. Олимпиадаға жолдама алдық. Олимпиадаға барудағы мақсатым – еліміздің көк туын биікке желбірету. Барғаннан кейін міндетті түрде алтын медаль әкелу керек. Халқымызды қуанышқа бөлеу керек. Халқымыз бізге үлкен үміт артып отыр. Қазір менің басты үш қарсыласым бар деп есептеймін. Олар: таиландтық әлем чемпионы, америкалық және түрік боксері. Осы үш қарсыласым — ең мықтылары», — дейді ол «Хабар» агенттігіне берген сұхбатында.
ПІКІР ЖАЗУ