Доллар жақын уақытта 450-ге дейін арзандай ма – Ұлттық банк төрағасы пікір білдірді

Тимур Сүлейменов
Фото: Ұлттық Банк

Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов «доллар бағамы 450 теңгеге дейін төмендейді» деген болжамға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл болжамды қаржы сарапшылары жасаған.

«Доллар 450 теңгеге жете алмайды. Негізгі және нарықтық факторлар бар. Олардың қалай дамитынын ешкім білмейді. Егер нарыққа Ұлттық қор есебінен доллардың көлемді құйылуы болса, әрине, доллар бағамы төмендейді», — деді Сүлейменов.

Ол Ұлттық қордан қосымша трансферт туралы шешімді Үкімет қабылдауы тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ Тимур Сүлейменов доллардың теңгеге бағамы 40-50 теңге шегінде құбылу қалыпты екенін түсіндірді. Оның айтуынша, қазақстандықтар долларға емес, ұлттық валютаға қарауы керек.

«Теңгемен біз тауарларды төлейміз, үнемдейміз, қаражат жинаймыз, несиелер, депозиттер аламыз… Теңге әлдеқайда маңызды. Біз шетелге шыққан кезде, оқуға кеткен бала не туысқа ақша салғанда долларға қарауымыз керек. Міне, долларға қарау керек жағдайлар. Басқа жағдайларда сіз өзіңіздің ұлттық валютаңызға қарауыңыз керек. Бағам бойынша біз жылды 455 теңгеден бастадық, содан кейін Ұлттық қордан қосымша трансферттердің әсерінен теңгеміз айтарлықтай нығайды – ол 440 теңгеге жетті. Содан кейін ол біраз уақытта 480-ге жетті», — деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, қазір бір доллар 474 теңгеге тең. Оның негізгі факторы – салықтар, корпоративтік және ҚҚС бойынша түсімдердің болмауы.