Рудныйдағы «Соколовская» шахтасында жұмысшы қаза тапты, — деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қайғылы оқиға Соколовско-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігіне қарасты «Соколовская» кенішінде болды.
Бұл туралы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтылды.
«280 метр деңгейжиекте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмыскер қаза тапты.
«ССКӨБ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіледі», — делінген жауапта.
Оқиға қатысты тергеу басталды.
ПІКІР ЖАЗУ