Бұған дейін ұзақ жылдар Қазақстанның бас санитар дәрігері қызметін атқарған Жандарбек Бекшин жақында қызметінде болып жатқан өзгерістер туралы баяндады, – деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қазір Бекшин «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» ЖШС-нің директоры. Жиындардың бірінде ол «Мемлекеттік қызметке оралмайсыз ба?» деген сұраққа «жоқ» деп қысқа жауап берді.
Айта кетейік Ж.Бекшин COVID-2019 пандемиясы басталар тұста: «Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз күндері аралығында елімізге короновирустың алғашқы легі келуі керек» деген сөзімен жұрттың ашуын туғызған еді. Оған қоса осы мәлімдемесіне «наконец-то» сөзін қосып халықты одан әрі даурықтырды.
2022 жылдың 5-қаңтарында бұрынғы дәрігер зейнеткерлік демалысқа шығып, содан бері жұрт назарына түспей кетті.
ПІКІР ЖАЗУ