Семейде офицер әскери бөлімнің мүлкін ломбардқа қойған

Фото: depositphotos.com

Семей қаласында офицер букмекерлік кеңседегі қарызын өтеу мақсатында әскери бөлімнің мүлкін ломбардқа кепілге қойған.

О. есімді капитан өзінің қызметтік мансабын асыра пайдаланған. Ол букмекерлік кеңседегі қарызы өскен соң әскери бөлімге тиесілі құралдарды ломбардқа кепілге қойған. Нәтижесінде мемлекетке 2 млн теңге көлемінде шығын келген.

«Сот әскери қызметкерді кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол капитан әскери атағынан айырылды», делінген сот хабарламасында.

Сонымен қатар сотталушыдан материалдық шығын мен мемлекеттік баж өндірілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.