Семей гарнизоны әскери соты мүлікті жымқырды деп айыпталған капитанға қатысты істі қарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қылмыстық іс материалдарынан анықталғандай, штабтың топографиялық қызметінің басшысы қызметтік бабын асыра пайдаланып, топографиялық құралдарды ломбардқа қойған. Ол әскери бөлімнің мүлкі үшін екі миллион теңгеге жуық ақша алған.
Капитан букмекерлік кеңселерде бәс тігіп, ақшасын ысырап еткен. Қарызын өтегісі келіп, әскери мүлікті ломбардқа өткізді.
Сондай-ақ сотталушыдан материалдық шығын, мемлекеттік баж өндіріп алу бойынша айып тағылып, капитан әскери шенінен айырылды.
Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: ашық дереккөз
ПІКІР ЖАЗУ