Ақтауда автокөлік жуу орталықтарының жұмысы шектелмек

Фото: depositphotos.com

Ақтауда орталық сумен жабдықтау тораптарындағы ауыз су деңгейін тұрақтандыру мақсатында 9 шілдеден, яғни бүгіннен бастап автокөлік жуу орталықтарының жұмысы мен жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Ozgeris.Info Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«МАЭК» ЖШС 08.07.2024 жылғы №21 телефонхатына сәйкес, Ақтау қаласының сыртқы ауа және теңіз температурасының жоғарылауына, сондай-ақ ауыз суды тұтыну көлемінің өсуіне байланысты орталық сумен жабдықтау тораптарындағы ауыз су деңгейін тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы барлық көлік жуу орталықтарының жұмысына және жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қойылады», делінген хабарламада.

Қала әкімдігі «МАЭК» ЖШС 08.07.2024 жылғы №21 телефонхатына сәйкес, «Каспий жылу, су арнасы» МКК-ға көлік жуу орталықтарының жұмысына және жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қою жөнінде хат жолдаған.

«Осыған байланысты қала әкімдігі мен «МАЭК» ЖШС көлік жуу орталығының иелерінен түсіністік танытуды сұрайды», деп қосты әкімдіктегілер.