Қазақстанда жасөспірімдерге энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды. Тиісті заңға бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, — деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сонымен қатар заңда 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды қарастырылған.
«Өскелең ұрпақтың денсаулығын энергетикалық сусындардың зиянды салдарынан қорғау үшін мұндай сусындарды 21 жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады», — делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
ПІКІР ЖАЗУ