Алматы облысындағы көркемөнер галереясының негізінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында онлайн көрме өтті.
Көрмеге Жетісу өлкесіндегі Е. Жүнісхан, Е. Дәуренбанв, Б. Әділбекова, А.Қасенұлы, А.Асқаров сынды 20-дан астам суретшілердің плакаттық жұмыстары қойылды.
Іс-шара, ғасыр індеті — сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын нығайту, еліміздің әрбір тұрғынын, парасатты азаматтарын, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға және әділдекке баулу мақсатында ұйымдастырылды.
«Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолындағы плакаттар байқауы жыл сайын өткізіледі. Алматы облысындағы кәсби және әуесқой суретшілер көрмеге өз жұмыстарын ұсынып отырады. Мұндағы плакаттардың түгелі біздің ресми сайтта жарияланған, қызығушылық танытқан көрермен әлеуметтік желіденде бақылауға мүмкіндік алды. Қазіргі кезде шараның екінші кезеңі өтуде»,-деді Алматы облысы «Көркемөнер галереясы» МКҚК-да директоры Қайрат Қаблисанов.
ПІКІР ЖАЗУ