Allur компаниясының білім және ғылымды дамыту жөніндегі кеңесшісі Айгүл Ахметова кәдеге жарату алымы жайлы отырыста білім сапасының төмен екенін айтып өтті, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Мен көтерейін деген мәселе — білім сапасы. Мен жақында Кореяға барып келдім. 30 жылдың ішінде локализация толық болса, олар білім саласын бірінші күннен бастап дамытқан.
Мен өзім Сатпаев, Сагинов, Ахмет Байтұрсынов атындағы университеттерімен тікелей жұмыс істеймін. Білім саласы өндірістің қажеттілігінен мүлдем алыс, соны ешкім көтермейді. Бағанадан бері «ақша» деп отырсыздар, «қаражат» , «салық» деп отырсыздар… Мен де қарапайым қазақтың қызымын, мен де халықты ойлаймын, мен де «қазақтың балалары базарда жүрсін» деп ойламаймын, оған қатты жүрегім ауырады.
Алдарыңызда сөздік жатыр ғой, алып қарамадыңыздар. Бұл сөздік қазақша болғанда, техника тілі қазақша болғанда, инженер-техникалық тіл болады. Әлихан Бөкейханов осыдан 100 жыл бұрын айтып кеткен «Соқасыз, шалғысыз, машинасыз қазақ болмайды».
Барлықтарыңыз қосылып, кеңес болып, ведомство болып завод ашыңыздар. Енді жаман-жақсы болсын, заводымыз бар ғой. Енді өсіп келген ұрпақты сол заводқа қарай бейімдемейміз? Неге сіздер тек қана ақшаны айтасыздар? Неге адами капиталды айтпайсыздар? Министр өкілі, осы саясатты қолыңызға алыңыздар.
ПІКІР ЖАЗУ