Белгілі қазақ балуаны Дамир Күзембаев ұсталды

Дамир Күзембаев
Фото: Instagram/damirkuzembayev

Полиция Алматы облысындағы күрес түрлерінен федерация президенті Дамир Күзенбаевты ұстады, деп хабарлайды Ozgeris.Info

Полицияның хабарлауынша, 28 маусымда Дамир Күзембаев «мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған».

– Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде ол балағат сөз айтып, полиция қызметкерлеріне белсенді физикалық қарсылық көрсетті. Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолдану фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2016 жылы Дамир Күзембаев грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері, ал 2017 жылы күміс жүлдегер атанды. Ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2019 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Спортшы Instagram парақшасында хабарлағандай, ол – Қонаев қаласының Құрметті азаматы.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...