Шымкент тұрғындары 19 маусым күні шамамен сағат 17.09-да жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанда, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 511 шақырым жерде орналасқан.
«Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің 101 және 112 телефондарына жер сілкінісі, зардап шеккендер және қираулар туралы ақпарат түскен жоқ, құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары, сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз», — деді құтқарушылар.
Айта кетсек, Қырғызстанда жер сілкінісінің күші 5,1 баллды құрады.
ПІКІР ЖАЗУ