Астанада бір топ қыз, кәмелетке толмаған баланы ұрып-тонап кеткен

Астаналық оқушы қыздар кәмелетке толмаған М.-ді ұрып-соғып, ұялы телефонын, күміс сақинасын және жемпірін иемденіп алған.

Алдын ала сөз байласуы арқылы жәбірленушінің мүлкін ашық түрде тонады деп айыпталған екеуіне сот үкімі шықты.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәләрдің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен, алу хаттамаларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Екі оқушы қызға кәмелеттік жасқа толмағандары және кінәларын мойындағаны ескеріле отырып, бірін 3 жылға, екіншісін 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.