Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша кінәлі деп танылған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті, деп хабарлайды ozgeris.info
«2024 жылғы 10 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс Астана қалалық сотына келіп түсті. Судьяның осы жылдың 11 маусымдағы қаулысымен аталған істі қарау 2024 жылғы 26 маусым сағат 10.00-ге белгіленді. Сот отырысы Астана қалалық сотының ғимаратында Астана қаласы, Әлиев көшесі, 6, В блогы мекенжайында өтеді», — делінген сот хабарламасында.
Еске сала кетейік, 13 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа үкім шығып, бірі 24 жылға, бірі 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Олар апелляциялық шағымында Б.Байжановты іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды, үкімнің Қ.Бишімбаевқа қатысты ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша айыптау бөлігін өзгертіп, оның іс-әрекетін өзгертілген біліктілікке сәйкес жазаны төмендете отырып, ҚК 106-бабының 3-бөлігіне қайта саралауды, сондай-ақ істі қайта қарауға жібере отырып, сот үкімінің күшін жоюды сұраған.
ПІКІР ЖАЗУ