Шамалғанда 6000 теңге үшін күйеуінен таяқ жеген әйел полицияға арыз жазудан бас тартты
Құдай үшін бізді мазаламаңыздар, барлық видеоны өшірулеріңізді өтінемін,- деді зардап шеккен әйел.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы жатақханалардың бірінде ер адам түнгі уақытта әйеліне дауыс көтеріп, балағат сөздерді боратып, сабаған болатын. Бұл жағдайды сол маңда тұратын көршілері видеоға түсіріп, блогерлер арқылы бүкіл Қазақстанға таратқан еді. Жергілікті полиция ақпаратты алысымен жанжалдасқан ерлі-зайыптыны іздеп тапқан. Әйел бүкіл халықтан кешірім сұрап, өздерін мазаламауды өтінген. Күйеуі өзін балағаттады, ұрды деп еш шағым жазбайтынын айтқан. Дегенмен полиция желіде тараған видео бойынша іс қағаздарды жинап, шешім қабылдау үшін сотқа жіберді.
ПІКІР ЖАЗУ