Қазақстандық жұмысшылар еңбек ету құқығын дәлелдеуге тура келетініне наразы
«Қазрост» ЖШС қызметкерлері «Халықтың табысын өсіру үшін!» петициясын қолдады.
«Біз көшеде қалғымыз келмейді, біздің мақсатымыз — зауытымызбен бірге өсіп, оның қалыптасуының бастауында болу. Біз Қазақстанның гүлденген елге айналатынына сенеміз, бірақ ол үшін өндірістер қажет. Сондықтан біз бұл өндірістердің жабылуына қарсымыз. Барлық елдерде халық жұмыс орындарын құру мен дамытуды жақтайды, ал Қазақстанда жұмысшылар неге жұмыс істеуге құқылы екенін дәлелдеуі тиіс? « — деді жұмысшылар.
«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ қызметкерлері де қазақстандықтарға бейнеүндеу жазды.
«Біз өз кәсіпорнымызға және бүкіл қазақстандық автоөнеркәсіпке қауіп төндіруге қарсымыз. Біз көшеде қалғымыз келмейді «, — дейді жұмысшылар.
Бұған дейін бес ірі кәсіпорынның еңбек ұжымдары отандық бизнесті қорғап, қолдады, Олар: «СемАЗ», «Имсталькон» АҚ зауытшылары, BI Group (MODEX зауыты) қызметкерлері, «Қазақмыс» (KLMZ) компанияларының жұмыс топтары, «QazTehna» ЖШС.
ПІКІР ЖАЗУ