«Халықты құлақтандыру және хабардар ету — тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы.
Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр дабылдарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирін ұстап алуды жүзеге асыру, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді», — делінген хабарламада.
«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы — бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
«Сонымен қатар, қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексерілетін болады. Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған», — деді ҚР ТЖМ.
«ozgeris.info»
ПІКІР ЖАЗУ