ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов XXIV Қысқы Олимпиададағы қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құрама қорытындысын жариялады.
Ол Абзал Әжғалиевтің, конькиші Надежда Морозованың жетістігін ерекше атап өтті.
«Олимпиаданың нәтижесі бізге сәйкес келмейді. Жастар алға ұмтылуы керек. 30 жастағы спортшылардың ізін басқан бәсекелес спортшы жоқтығын көрсетеді. Коронавирус індеті Галышевке әсер етті, Қалмырзаева да карантинде шектелуге тура келді. Мойындаймын, шаңғы жарысы сәтсіз аяқталды, бірақ — бұл жүйе. Барлығы мектепте басталады. Конькимен жүгіру спортынан бірінші болып келетін — Денис Кузин. Бірақ Қостанай қаласында жабық стадион жоқ, есесіне футбол стадионы салынып жатыр. Егер сіздің өңірден осы спорт түрінен әлем чемпионы шыққан болса, неге жабық мұз айдынын салмасқа?! Министрлік басшылығынан осы мәселелерге назар аударуды сұраймын. Шорт-трек қазір фристайл могул, фристайл акробатика секілді әлемдік спорттың элитасы саналады. Федерациялар спорттың бұл түрін бағдарламаға енгізіп, аймақ спортшылары жұмылдырылуы керек. Себебі әлем тәжірибесінде спортқа ең алдымен федерациялар жауапты.
Біз спорттық медицинаға көңіл бөле бастадық, 3 облыста орталықтар жабдықталды. Ғылым бойынша — генетикалық зерттеулер жүргізе бастадық.
XXIV қысқы Олимпиадаға 91 ел қатысты. Соның ішінен 30-орынға Абзал Әжғалиевтің арқасында шықтық. ТМД елдері арасында 6-шы, Азияда 4-ші орында тұрмыз. Біз елімізді, халқымызды жүлдемен қуантқымыз келді, барлық команда мүшесі тырысты. Алайда біз ойлағандай болмады…», — деді ол.
ПІКІР ЖАЗУ