Тараз полицейлері тыныс алуы тоқтаған баланы аман алып қалды

Нәрестенің құтқарылуы қызметкерлердің бірінің бейнежазбасына түсіп қалған, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

«Экипаж аумақты патрульдеуде болған кезде кезекшіден шұғыл қоңырау түсті. Екі жасар бала Айша бибі көшесінің бойында ағып жатқан каналға құлап кетті», — деп хабарлады ведомстводағылар.

Оқиға орнына полицейлер келді (бұл кезде баланы судан өтіп бара жатқан адам алып шыққан, бала ес-түссіз жатқан), патрульші сәбидің өмірінен қауіптеніп, бірден жүрек-өкпе реанимациясын жасай бастады. Жедел жәрдем көлігі келе жатқанда инспектор Дәурен Көлқаев баланы қайта тірілтпек болған… Ал ол тыныс ала бастады.

«Балада өмірдің белгілері болмады, бірақ мен соңына дейін күрестім — жүрекке массаж жасадым, бар білімімді қолдандым», — деп бөлісті Дәурен.

Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!