Қазақстан Қытаймен тауар айналымын 100 млрд долларға жеткізуге ниетті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Олар қазақ-қытай стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

«Қазақ-қытай жан-жақты стратегиялық серіктестігі, мәңгілік достық дамып келе жатқандығын және болашаққа ұмтылғандығын зор қанағаттанушылықпен атап өткім келеді. Қытай екіжақты сауда көлемі бойынша бірінші орын алып, Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш рекордтық 40 млрд долларға жетті. Біз тауар айналымын 100 млрд долларға жеткізу міндетін қойып отырмыз. Бұл көрсеткішке қол жеткізе аламыз деп есептейміз «, — деді Қазақстан Президенті.

Тараптар сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, энергетика және туризм салаларындағы өзара іс-қимылды нығайту перспективаларын қарастырды. Сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...