Гонконг билігі әрбір тұрғынға 1280 доллар беріп жатыр

Гонконг билігі 18 жастан асқан әрбір жергілікті тұрғынға 1280 доллар (шамамен 560 мың теңге) көлемінде бір рет көмек беруді шешті, деп хабарлайды «ozgeris.info» «Hong Kong Free Press» басылымына сілтеме жасап.

Гонконгтың қаржы министрі Пол Чан COVID-19-дың бесінші толқыны халықтың өміріне, жұмыс орындарына, шағын және орта бизнеске қатты әсер еткенін айтты.

Билік шығынды жабуға, зардап шеккен кәсіпорындарды қолдауға шешім шығарған және пандемия кезінде тұтынуға арналған электрон талондар береді. Екі рет 5 000 Гонконг долларынан (шамамен 280 мың теңге) бөлінетіні туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Алғашқы төлемдер сәуірде 6,3 миллион адамға беріледі, ал қалғаны 2022 жылдың ортасында түседі. Бұл жұмысқа жалпы Үкімет тарапынан 66,4 миллиард Гонконг доллары бөлінеді. Үкімет бизнес иелері электрон талондарды қолданып, тұтынушыларға жеңілдік беретініне үміттенеді.

«Ынталандыру шарасын іске асыру үшін ақша бұрын құрылған арнайы қордан бөлінеді», — деді Чан.

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясының Гонконг экономикасына әсері 2003 жылы болған SARS індетінің әсерінен де қатты болуы мүмкін.

 

«ozgeris.info»