Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот елорданың құрылыс нысандарының бірінде үш өнеркәсіптік альпинистің қаза болуы фактісі бойынша үкім шығарды. Отырыста қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты мердігер, ЖК басшысы болды.
Іс материалдарына сәйкес, сотталушы құрылыс жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздік ережелерін бұзған, көтергіш арқанның техникалық жай-күйі мен жарамдылығын тексермеген, тұрғын үй кешенінің биіктігінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген төрт өнеркәсіптік альпинисті сақтандыру тәсілдері мен сақтандыру арқандарын бекіту нүктелерін анықтамаған.
Сот Ш. ҚР ҚК-нің 3, 277-баптары бойынша кінәлі деп танып, құрылыс-монтаж жұмыстары саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан үш жылға айыра отырып, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. С. Ш. жәбірленушілердің пайдасына 5 млн теңгеден және моральдық зиян үшін 10 млн теңгеден өндіріп алынды, — деп түйіндеді сотта.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ПІКІР ЖАЗУ