Тоқаев азаматтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

«Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке елдегі тыныштық пен тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді білдіреді.

Біздің бірегей өркениетіміз қазақ жерінде Отанға ие болған көптеген этностардың мәдениеттері, діндері мен дәстүрлерінің үйлесімді болуының арқасында қалыптасты. Біздің мемлекетіміздің барлық азаматтары — бұл Әділ Қазақстан құрылысына тартылған біртұтас ұлт. Халқымыздың күш-қуаты нақ осы тұтастықта жатыр. Сондықтан біз осы игілікті сақтау және нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Бұл біздің мемлекетіміздің әрбір азаматының қасиетті борышы және құрметті міндеті.

Жалпыұлттық бірлік сынақ күндері беріктікке тексеруден өтеді. Биыл біз теңдессіз су тасқынымен бірлесіп күресудеміз. Ұлттың бірлігі азаматтардың бір-біріне жан-жақты көмек көрсетуінен, шынайы жанашырлығынан айқын көрінді. Біз тарихтың қиын кезеңдерінде Қазақстан халқы біртұтас және табыстар мен жеңістерге жетуге ниетті екенін тағы да көрсеттік.

Жасампаздық пен жаңашылдық, еңбексүйгіштік пен білімге ұмтылу, ынтымақтастық пен жауапкершілік сияқты жоғары қасиеттер халқымыздың гүлденуінің сенімді кепілі болады.

Еліміздің барлық азаматтарына мықты денсаулық және бақ-береке тілеймін! «