Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА төрағасының орынбасарларын қабылдады, сондай-ақ Ассамблеяның осы сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы хабарлады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы бірқатар облыстардағы ағымдағы су тасқыны жағдайына байланысты Ассамблеяның қазіргі сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Өңірлік ҚХА мүшелері іс-шараға бейнеконференция режимінде қатысады.
Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге қосқан зор үлесін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.
ПІКІР ЖАЗУ