Қазақстанда су тасқынының салдарын жоюға бөлінген 1 млрд теңге ұрланды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
«Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер және мемлекеттік қорлар 140 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді, және зардаптарды жоюға бөлінген ақша іс жүзінде зардап шеккен барлық азаматтарға жетуін ҚМА қадағалаған болатын. Алматы қаласы, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Ұлытау облысындағы қаржы мониторингі органдары ұрлық дерегі бойынша төрт іс қозғады. Күдікті ретінде бес адам анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асты», — делінген ҚМА баспасөз қызметінде.
ПІКІР ЖАЗУ